28.10.2021, 13:00

Марғұлан Сейсембай Грузиядан депортацияланды

Фото: ашық дереккөз
Кәсіпкер депортация туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембайды Грузияға кіргізбеді. Ол Гордон академиясының форумында сөз сөйлеуі керек еді. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Грузия билігі мені қауіпті элемент деп санап, елге кіргізбеді. Олар мені Михаил Саакашвилиді қолдау үшін бір нәрсе жасайды деп қорықты. Мұның бәрі өкінішті. Билік қандай қорқақ? Олар, бәлкім, өздерінің шындық жағында екеніне сенімсіз шығар? Не болса да, жарайды, – деп жазды Марғұлан Сейсембай.

Кәсіпкер депортация туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, бүкіл процесс «дөрекі» түрде өткен.

― Неге өтіріктері бітпейді? Біріншіден, шекарада екі сағат бойы не айтарларын білмей, текке мыжып отырды. Біресе бағдарламалық жүйеелері істен шықты, біресе ковид формасының толтырылуын тексерді және т.б. Екіншіден, бастапқыда олар менің отбасымды кіргізбей қойды. Біз наразылық білдіре бастағанда, әйелім мен балаларым жіберуге шешім қабылдады. Ал өзімді алдап әкеліп ұшаққа отырғызып жіберді, – деді Марғұлан Сейсембай.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Марғұлан Сейсембай өзінің қызметін Украинаға ауыстырғанын және Михаил Саакашвилидің қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесіне серіктес болғанын, сондай-ақ Украина билігіне реформалар жүргізуге көмектесе бастағанын мәлімдеген болатын.