$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда мұғалім оқушыны құлағынан тартып, ұрған

Жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандық мұғалімнің оқушыны құлағынан тартып, ұрған сәттің видеосы таралып кетті. Жазбаны Facebook парақшасында оқушының әпкесі жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқушының әпкесі Ақбаян Сапарбаеваның айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Оның №51 мектеп-гимназиясында оқитын туған інісін бұған дейін де мұғалім сызғыштың қырымен басынан әбден ұрғанын естіген. 

"Өзің бұзық болған шығарсың, дұрыс, ұстазды тыңдамасаң солай болады!" деп қойғанбыз! Бірақ, оқушыны ұруды әдетке айналдыруға бола ма?! Иә, мұғалім екінші анамыз! Оны тыңдау, құрметтеу парызымыз! Бірақ, қазіргі заман балаларын ұрып-соғып, тоқпақтап тәртіпке шақыра алмаймыз, құрметті ұстаздар! Біздің заман өтті!

Шынымды айтайын, мынаны көріп, түнімен жүрегім ауырды! Үп-үлкен бала, алдында отырған сыныптас қыздарынан ұялып, күліп қояды. Оның да намысы бар ғой! Жалпы, баламен жеке сөйлесу, келісу, сабаққа қызықтырудың тәсілдерін ойластыратын уақыт жетті ғой! Қашанғы аюға намаз үйреткендей таяқ алып жүреміз? Енді осы дұрыс па?" - деп жазды баланың әпкесі. 

Жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді. 

"Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Бұл мәселе педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары