Синоптиктер 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мөлшері көп болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі, солтүстікте көктайғақ болып, қар жауады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.