$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 11 қабаттан секірген оқушы мектепте юбка кимеген

Бұған дейін "Гарри Поттер" тақырыбындағы көрініске оқушының юбка кигіп келгендігі, кейін бұл ерсі қылығы үшін куратордан ұрыс естіп, психологпен сөйлесуге алып барғандығы жазылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы шағын шарада ешқандай да юбка киген жоқ. Мектеп формасымен 1 сағаттық шараға қатысып қайтты, деп хабарлайды Express Kazakhstan.

Мектеп әкімшілігі 27-қазан күні әдеби шара өткендігін айтады. 1 сағаттқа созылған шарада оқушылар әр түрлі кейіпкерді сомдаған қойылым қойыпты.

Ол күні оқушылар түгел дерлік мектеп формасымен отырды. Іс шараға қатысушылар ғана кейіпкерлерді сомдады. Көз жұмған оқушы да мектеп формасымен келді. Бірақ юбка кигізді деген ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды, - дейді баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Гарри Поттер" тақырыбындағы көрініске оқушының юбка кигіп келгендігі, кейін бұл ерсі қылығы үшін куратордан ұрыс естіп, психологпен сөйлесуге алып барғандығы жазылған. Осы шарадан кейін оқушы суицидке ұшырады деген ақпаратта шықты.

Мектеп әкімшілігі тергеу аяқталмайынша өзге мәлімет беруден бас тартты. Ондағы қызметкерлерге де артық ақпарат айтуға тыйым салған.

Әзірге оқушының кім екені, неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары