Ашғабаттың жергілікті билігі мемлекеттік дүкендерде ұзын-сонар кезек көрінбес үшін, нанды таң атып келе жатқанда сатуды бұйырды, деп жазады Азаттық.
Мәліметке қарағанда, мемлекеттік дүкендерде нан бағасы жеке дүкендерге қарағанда он есеге арзан. Ұн және азық-түлік тапшы болып тұрғанда, мемлекеттік дүкендер алдында кезек көп.
Редакцияға түскен видеода нанға кезекте жүздеген адамды, оның ішінде балалардың да тұрғанын көруге болады. Нанды дүкенде таңғы бесте сатады.
Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлағандай, аймақ жетекшілері президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің беделіне нұқсан келтірмес үшін, дүкендер алдында кезекке тұруға тыйым салған.
Түркіменстан соңғы жылдары экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Билік мұны теріске шығарып келеді.