$ 448.15  483.46  4.86

Гауһар Әлімбекова: Коронавирустың болатынын түсімде көрген едім

Әнші бойындағы көпшілік біле бермейтін қыры жайлы айтты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстандық әнші Гаухар Әлімбекова коронавирус індетінің әлемді жалмайтынын алдын ала түсі арқылы білген. Әнші бойындағы көпшілік біле бермейтін қыры жайлы айтты. Айтуынша, осыдан екі жыл бұрын қорқынышты түс көріпті, деп жазады Stan.kz.

Гаухар Әлімбекова көпшілік біле бермейтін қырын айтты. Айтуынша, кей түсі өңінде шындыққа айналып жатады. Мұны жаратқаннан келген ескерту деп біледі. 

“Осыдан екі жыл бұрын бір түс көрдім. Түсімде үш басты айдаһар Алматыға жақындап келе жатыр екен. Аузын арандай ашпақ болады. Адамдар оған қарсы шығады. Аузын кең ашуға мүмкіндік бермей жатыр. Біршама уақыт өткенде айдаһар кері тартына бастайды. Алайда жан-жақта сұлап жатқан адамдарды көрдім. Бұл қазіргі коронавирустың көрінісі емес пе? Менің кейде көрген түсім өңімде болып жатады. Барлық түсім болмаса да, кей түсім ескертпе секілді”, – деді әнші.

Әлімбекова көпшілікті сақтыққа шақырып, вакцина алған адамдардың өзі бетпердемен жүру керек деген кеңесін айтты. Бұл сақтықтан зиян тимейді дейді ол. 

“Мен түстің аян екенін кейін түсіндім. Ол кезде мән бермеппін. Екпе алған адамдардың да талапты сақтап, бетперде тағып, арақашықтықты сақтап жүргені абзал”, – деді Әлімбекова. 

Әншінің “Кейінгі уақытта “Жас келін”, “Үміт әні”, “Қош деме ешқашанда”, “Жазғы жауын”, “Күзгі жаңбыр”  атты жаңа әндері шықты. Әлімбекова індеттің беті қайтып, карантин таталаптары жеңілдетілсе, сахнаға шығуды жоспарлап отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары