Жаңалықтар 29.10.2021 сағат 12:00

«Қазақконцерт» ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді

Роза Бағланова бұл ұйымда 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен.
«Қазақконцерт» ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді
Фото: ҚазАқпарат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақконцерттің ресми атауы ауысты. Еліміздің бас концерттік ұйымына КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 толуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы әншінің есімін халық жадында мәңгі сақтау үшін шараларды қабылдауды тапсырғаны белгілі. 

Ұйым басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы мәлімдегендей, Қазақконцерт ұжымы үшін бұл - өзекті тапсырма.

- Қазақконцерт тарапынан ұйымға Роза Бағланованың есімін беру мәселесін қарастыру жөнінде Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың атына хат жолданған болатын. Бұл игі бастаманы халық әртістері, Қазақконцерт құрамында өнер көрсетіп жүрген еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет үздіктері мен жас таланттар бірден қолдады. Олардың қатарында: Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Мұрат Құсайынов, Ақжол Мейірбеков, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Айман Мусахаджаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бағдат Самединова, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Азамат Жылтыркөзов, Ерлан Рысқали, Медет Чотабаев, Әміре т.б. орындаушылар бар. Аталған шара Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз, - деп жеткізді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Өткен концерттік маусымда өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақконцерттің тарихына үңілсек, Роза Бағланова бұл ұйымда 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен. 

Қазақконцерттің негізін қалаушылардың бірі, ұйымның әншісі болып қазақтың ән өнерін дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты. 

Көзі тірісінде аты аңызға айналған Роза Тәжібайқызы майдан даласында ән салып, әсем даусымен бүкіл әлемді тамсандырды. 

Бар ғұмырын халқына арнаған Роза Бағланова бойындағы талантымен қазақ өнерінің ұлылығын паш етіп, еліміздің рухани байлығын асқақтата түсті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар