Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды. Сот жазасын өтеушінің өтінішін қанағаттандырған, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Павлодар қаласының №2 қылмыстық істер жөніндегі соты бұрынғы әкім Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Өйткені сот отырысы басталмай жатып экс-әкім мерзімінен бұрын шыққысы келмейтінін айтып арыз түсіріпті.
Бақауовтың не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз.
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 2020 жылы сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен 3 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ экс-әкім өзінің портретін аукцион арқылы сатумен де ел есінде қалған еді. Оның суреті бейнеленген туындыны жергілікті кәсіпкер 31 миллион теңгеге сатып алған болатын.