«Қазгидромет» РМК 30 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады.
Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтеледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертеңгі уакыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болжанады.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде 15-20 м/с артады.