$ 494.87  520.65  4.91

«Телефонның соңынан секірген»: Алматыда суицидтен көз жұмған оқушының ата-анасы үндеу жасады

Оқушының әкесі баласының психологиялық мәселесіне қатысты болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Назарбаев зияткерлік мектебінде болған оқиғаға қатысты дау толастар емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ким Сергей өте тәртіпті және сабақты жақсы оқыған. 27 қазан күні мектептегі мерекелік шараға ол сыныптасының юбкасын киген. Алайда оқушының әрекетін қабылдай алмаған куратор оны психологқа күштеп апарған. Оған да қанағаттанбаған куратор оқушының әкесін мектепке шақыртып, баланы үйіне қайтартып жіберген.

«Бала өте ақылды, сабақты жақсы оқыған. Оқушы психологпен кездескен соң, еш қарсылық танытпаған. Оны әкесі ертерек үйіне алып кеткен. Үйде әкесі баласының  телефонын терезеден лақтырып жіберген. Оқушы телефонның артынан секіріп кеткен. Бала әкесінен ылғи жасқанып жүрген. Телефон – қазір балалардың өмірінің бір бөлшегі. Тіптен, бәріміз телефонсыз өмір сүре алмаймыз. Телефон баяғыдағы күнделік жазатын блакнот сияқты. Баланың барлық байланысы, жоспары, өмірі осы телефонда жазылған. Бір қызды жақсы көріпті, онымен де дұрыс болмай жүрген. Оқушылармен жеке сөйлескен соң біраз дүниелер анықталып жатыр. Куратордың да қылығын түсіне алмадық. Әкесіне айтпай-ақ қойса болар еді. Бала ойнап, ұмытып кетер еді», - дейді мектептің баспасөз хатшысы Жанар Адамбаева.

Суицидке барған 

8-сыныптың оқушысы Сергей Кимнің әкесі бүгін үндеу жасады. Виктор Ким Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығынан істі ушықтырмауды өтінген.

«Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез келген іс-шараны, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде, юбка киюді насихаттауды тоқтатуларыңызды сұраймын», – деді Виктор Романович.

Сонымен қатар отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжам мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.

«Қазіргі уақытта жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын еске саламыз. Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялап, кеңейтілген түсініктеме бермейді», - делінген ақпараттық хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары