$ 494.87  520.65  4.91

Қызылжарда бес бірдей азамат 17 жастағы қызды зорлаған

Күдіктілер қамауға алынды. Бірақ олардың туыстары жәбірленуші тарапқа қысым көрсетіп жатқан көрінеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызылжарда 17 жасар қызға бір топ жігіт зорлық көрсеткен. Күдіктілер қамауға алынды. Бірақ олардың туыстары жәбірленуші тарапқа қысым көрсетіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Зәбір көрген жасөспірімнің   анасы бұл туралы "Немолчи" қоғамдық қорының порталында жариялады. Оның айтуынша,  айыпталушылардың жақындары  қылмысты жылы жауып қоюды көздейді.  Бір ымыраға келгісі келеді. Бірақ ол кінәлілердің жазаланғанын қалайтынын айтады. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.  

“Аталған факті  қылмыстық кодекстің  "кәмелеттік жасқа толмаған азаматты зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Күдікті ретінде Петропавлдың 5 азаматы қарастырылып отыр. Олар қамауға алынды. Тергеу әділ болу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”, -дейді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары