Түркиядағы Қазақстанның бас консулдығы Стамбулдағы түнгі клубта күзетшілермен қақтығысқан Ұлбосын Малғаждарованың тергеу изоляторында жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылғы 11 шілдеде Стамбул қаласының түнгі клубтарының бірінде қазақстандық үш азаматшаның қатысуымен келеңсіз оқиға орын алған. Түнгі клубтың күзетшiлерi мен қазақстандық азаматшалар арасында туындаған түсініспеушілік қол көтеруге дейін жеткен. Күзетшiлердiң соққыларынан қорғанған ҚР азаматшасы Ұлбосын Малғаждарова күзетшілердің бірінің саусағын тістеп алады. Нәтижесінде дене жарақатын келтiргенi үшiн полиция Ұ.Малғаждарованы қамауға алды.
Тағы оқыңыз: Түркияда түнгі клуб күзетшілерінен таяқ жеген қазақ келіншек жоғалып кетті
"Орын алған оқиға бойынша не аталған азаматшалар, не олардың жақындары Қазақстанның Түркиядағы елшілігіне жүгінген жоқ. ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Стамбулдағы Бас консулдығы болған жағдайды өз күшімен анықтап, тиісті консулдық қолғабыс көрсету шараларын қолға алды. Мәселені шешу мақсатында Түркияның тиісті органдарымен дереу байланыс орнатылды. Түркияның Сыртқы iстер министрлiгi өкiлдерiмен арнайы кездесу өткiзiлiп, мәселенің тез әрі әділетті шешiлуi сұралды. Бас консулдық қызметкерлері Ұ.Малғаждарованың жағдайын көру мақсатында уақытша ұстау изоляторына барып, өзімен кездесу өткізді”, – деп мәлімдеді консулдық.
Сондай-ақ, оның адвокатымен бірнеше рет кездесу еткізіп, тұрақты түрде телефон арқылы ақпарат алып, азаматшамыздың жағдайы мен соттағы iсi туралы туыстарын хабардар етіп тұрды.
26 қазанда Ұ.Малғаждарованың iсi бойынша еткен сот отырысына Бас консулдық қызметкерлері де қатысты. Сот шешіміне сәйкес, Ұ.Малғаждарова сот ici аяқталғанға дейін Түркиядан шықпау шартымен изолятордан босатылды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Түркия азаматтарының үстінен қарсы шағым түсірілген. Бас консулдық Ұ.Малғаждарованың сот ісін аяқталғанға дейін бақылауда ұстап, барлық көмек көрсетуді жалғастырады .