$ 494.87  520.65  4.91

Түркия мен Қытай БҰҰ отырысында жанжал шығарды

Бейжің өкілі Түркияны сириялықтардың құқығын жаппай бұзған деп айып тақты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркия мен Қытай дипломаттары Сириядағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында жанжал шығарды деп хабарлайды Orda.kz, Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Қытайдың БҰҰ тұрақты өкілінің орынбасары Гэн Шуан Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзінде Түркияны Сирияның солтүстік-шығысын басып алды деп айыптады. Сонымен қатар, Бейжің өкілі Түркияны сириялықтардың құқығын жаппай бұзған деп айып тақты. Қытай дипломатының айтуынша, түріктер Аллюктегі су станциясына зақым келтіріп, соның салдарынан Евфрат өзеніндегі су деңгейі төмендеді.

Түркия өкілі Феридун Синирлиоглу: «Біз адам құқығы мен гуманитарлық құқықты бұзатындардан сабақ алмаймыз, – деп жауап берді.

Оның пікірінше, Сирия президенті Башар Асадтың жақтастары мен күрд содырлары Аллюктегі су алу төңірегінде туындаған мәселені теріс пайдалануда. Синирлиоглудың айтуынша, террористер Сирияда ғана емес, Түркияның өзінде де елді мекендерге оқ жаудырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары