$ 494.87  520.65  4.91

Ойнап жүрген: Атырауда 10 жасар бала тоққа түсіп, көз жұмды

Баланың денесі сараптамаға жіберілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Атырау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде үй ішінде ойнап жүрген 10 жастағы бала тоңазытқыштың артына тығылып қалған. Тоқ соққан бала тілге келместен, оқиға орнында ажал құшқан.

“Әжесі хабарласып, немересінің көз жұмғанын хабарлады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері баланың қаза болғанын растады. Мүрдеде жарақат жоқ”, - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Тексеру амалдары басталды. Айта кету керек, 20 қазан күні Атырауда кішкентай қыз алтыншы қабаттан құлап, қаза тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көз жұмды #ток