Қарағанды облысында "Қарағанды-Егіндібұлақ" тас жолында вахталық автобус өртенді. Жолаушылар мен жүргізуші автобустан шығып аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарқаралы ауданында жұмысшыларды тасымалдайтын автобус өртенді.
"31 қазан күні сағат 15:46-да Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолының 30-шақырымында Қарқаралы ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Вахталық автобус өртенді, өрттің жалпы ауданы 24 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының тұйықталуынан.