$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар тағы бір қаржы пирамидасынан зардап шекті

Компания шетелдік бірқатар аффирленген фирманың инвестициялық жобаларына ақша құюға үндеген.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстандықтар кезекті қаржы пирамидасының арбауына түсіп қалды. Бүгінде «World Business Consulting» ұйымына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Агенттіктің Алматы қалалық аумақтық департаменті «World Business Consulting» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты тергеу жұмыстарын қолға алды. Олар қаржылық алаяқтықпен айналысқан деп айыпталуда. Компания өкілдері шетелде жүріп қазақстандықтармен Zoom платформасы арқылы онлайн жүздесіп, оларды өз құрығына түсіріп отырған. 

Компания шетелдік бірқатар аффирленген фирманың инвестициялық жобаларына ақша құюға үндеген. Бірақ одан әрі салымшылар ақшаларын көрмеген.

«Азаматтар жеңіл табыс табу үшін өз қаржыларын пирамидалық ұйымға құйған. Оның ішінде қаржылай, материалдық және жылжымайтын мүлік те бар. Ақша қаражаттары кейін бөлінген», - деді Алматы қалалық аумақтық департаменті Тергеу басқармасының басшысы Сәкен Қондыбаев.

Осы орайда «World Business Consulting» ұйымынан зардап шеккен азаматтар +7 775 923 40 90, +7 708 192 28 18 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пирамида