$ 494.87  520.65  4.91

Көмірмен бірге келіншекті де тиеп жібермек болған тракторшы жазаланды (видео)

Бірнеше күн бұрын темір жол тұйықтарының бойындағы көмір қоймасынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тараған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы трактор көтергішіне шығып алған келіншекті елеместен, көмір тиеуді жалғастырған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды, Express Kazakhstan.

Бірнеше күн бұрын темір жол тұйықтарының бойындағы көмір қоймасынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тараған болатын. Онда келіншек жүк көтергішіне жабысып, түспей қояды.

Қазіргі уақытта Кербұлақ ауданы әкімі жағдай тұрақталды деп отыр. Ал келіншектің әлгі қылығын арандатушылық деген ол, түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігін алға тартты. Трактор жүргізушісіне 14 585 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Қазан айында Сарыөзек бекетіне 42 вагон жеткізілді. Бүгінде Сарыөзек станциясында 10 вагон бар. Барлығы кезекті сақтау арқылы жүзеге асырылуда,

—деді аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

Кербұлақ ауданының тұрғындарына жылу беру маусымына көмір қажеттілігі 74 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 52,8 мың тоннасы немесе 71% сатылған.

Алматы облысында тәулігіне орташа есеппен 90 вагон көмір түседі. Бүгінгі таңда 926,3 мың тонна, яғни 68% қатты отын сатылды, қоймаларда жазғы кезеңнен қалған қалдық 13,3 мың тоннаны құрайды. Облыс бойынша көмірдің орташа бағасы 14-14,5 мың теңгені құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары