$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да 39 жастағы ер азамат із-түссіз жоғалып кетті

Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласының 1977 жылы туған тұрғыны Абдуллаев Әкімжан Абылайұлына іздеу жариялады. Ол биыл 22 қазан күні туыстарының үйіне қонаққа кетіп, содан қайта оралмаған.

Әйелінің айтуынша, Әкімжан Абдуллаев Қазығұрт ауданындағы Ащыбұлақ ауылында тұратын туыстарының үйіне күндізгі сағат 12 шамасында кеткен. Кешкі жетілерде ол үйден шығып, Шымкентке қарай бет алыпты. Алайда, содан бері оны көрген-білгендер жоқ.

Жоғалған ер азаматтың ерекшеліктері: бойы 170-175 см, беті сопақтау келген, көзі мен шашы қара, маңдайы ашық, мұрны солға қарай қисайған. Сондай-ақ, маңдайы мен сол қолында тыртықтың іздері бар.
Киген киімі: қара жолақтары бар қоңыр пиджак, қызыл көйлек, кепка, қара-көк түсті шалбар және қоңыр туфли.

Полиция Әкімжан Абдуллаевты көрген-білгендер болса мына телефондарға байланысуын сұрап отыр: 8-72539-2-12-46, 8-776-303-95-55 немесе «102»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары