$ 499.51  525.83  4.62

Қырғызстанда ұлтаралық қақтығыстар орын алуы мүмкін

Қырғызстандағы саяси дағдарыс мемлекеттің әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Атап айтқанда, елде ұлтаралық қақтығыстар орын алады деген болжам айтылуда. Мұндай пікірімен белгілі ресейлік шығыстанушы, Орталық Азияны зерттеуші ғалым Александр Князев бөлісті.

Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізуге байланысты басқарушы коалицияның құлауы және министрлер кабинетінің отставкасы елдегі жағдайды одан сайын ушықтыра түседі дейді сарапшы.

«Конституцияға шұғыл өзгерістер енгізу керек деген биліктің бастамасы ешкіммен ақылдаспаған әрекет болды. Бұл бастаманы әзірге оппозиция мен Қырғызстанда жұмыс істеп жатқан Батыс елдерінің ұйымдары қолдаған жоқ», — дейді ол.

Князевтің айтуынша, шетелдік мұндай орталықтар дәл қазір билікті әлсірету үшін жағдай жасауы мүмкін. Мұнан кейін ұлтаралық қақтығыстардың тұтануы оп-оңай.

Естеріңізге салайық, 26 қазанда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ел үкіметін отставкаға жіберген болатын. Басты себеп - төрт фракцияның келісімінен тұратын парламенттік коалицияның ыдырауы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары