$ 494.87  520.65  4.91

Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов ширек финалға алтыншы жолдаманы иеленді

Абылайхан Жүсіпов (67 келі) поляк Дамман Дуркачпен қолғап түйістірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абылайхан Жүсіпов (67 келі) поляк Дамман Дуркачпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында сәтті қимыл көрсете білді. Қарсыласына дөп тигізген соққылары көбейді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңгенін мақұлдап, ширек финалға жолдама алды. Абылайхан Жүсіпов ұлттық құраманың капитаны. Қазақстандық боксшы бұған дейін венесуэлалық Кристиан Паласио және Тайбэйден келген Ю Линьді жеңген болатын.

Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты. Еске салсақ, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шықты. Сондай-ақ, бүгін Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) сайысқа түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары