$ 494.87  520.65  4.91

«Головкиннің ізбасары» үшінші қарсыласын нокдаунмен жеңді (видео)

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бүгін Босқындар құрамасы атынан қатысқан Сулиман Асламидің осал тұсын тапты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс кезекті қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Express Qazaqastan.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бүгін Босқындар құрамасы атынан қатысқан Сулиман Асламидің осал тұсын тапты. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан бастап, тізгінді қолға алып, сериялық соққыларымен қарсыласының әбден сілікпесін шығарды. Екінші раундта тіпті төреші есеп ашып, нокдаун тіркеді. Осылайша, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұған дейін Нұрқанат 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичтен, 1/16 финалда молдавалық Влад Гаврилюктен басым түскен.

Айта кетейік, осымен жетінші қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алып отыр. Мұның алдында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) үздік сегіз боксшының қатарына қосылған.

Әр жылдар бұл салмақта ел намысын Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Данабек Сужанов, Жәнібек Әлімханұлы, Әбілхан Аманқұл, Тұрсынбай Құлахмет секілді боксшыларымыз қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары