$ 448.15  483.46  4.86

«Антикор» жеті өңірде арнайы операция жүргізіп, бірнеше шендінің қолына кісен салды

Барлық қамауға алулар ауыл шаруашылығы субсидияларын ұрлауға қатысты болды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен бес облыста арнайы операция жүргізуде, деп жазады Orda.kz.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел-іздестіру шараларының жүргізілгенін растады. Барлық қамауға алулар ауыл шаруашылығы субсидияларын ұрлауға қатысты болды, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

 

Ведомство егжей-тегжей мәліметті кейінірек ұсынатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары