Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімді суық судан шығарып алған, деп хабарлайды Stan.kz. "102" пультіне көпірден өзенге секірген адам туралы хабарлама 1 қараша күні кешке түсті. Екі минуттан кейін полиция оқиға орнына жеткен.
Екі полиция қызметкері киімдерін шешіп, суға батып бара жатқан адамды құтқарып, оған алғашқы көмек берді.
"Біз киім киген адамның батып бара жатқанын көрдік. Судың салқын екенін ескерсек, ол бірден көз жұмуы мүмкін еді", – деп еске алады Батыржан Бейсенбин.
Патрульдік полиция жігітті жағаға шығарып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары дер кезінде келіп, жас жігіт аман қалды.
Келіп жеткен жедел жәрдем көпірден секірген жігіттің есін жинауына көмектесті.
"Бұл әрекетінің себебі жайлы жауап бергенде, жігіт сүйіктісімен ұрсып қалғанын жеткізді. Алғашқы көмек тәртіп сақшыларына да көрсетілді. Мырзахан Сұлтанов жағаға шыққан кезде аяғын жарақаттап алған", – деді полиция департаменті басшысының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина.