Бұл туралы Атырауда өткен "Ұлық Ұлыс – Алтын Орда" халықаралық ғылыми конференциясына қатысқан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды.
"Жиын барысында көптеген мазмұнды баяндама жасалды. Ғалымдар Алтын Орданы зерттеудің кеңестік парадигмасы ескіргенін, соңғы жылдары Алтын Орда тарихын зерттеуде нақты серпіліс болғанын айтты. Сәйкесінше, Алтын Орда тарихы жайлы көптеген тезистер қайта қаралды. Халықаралық конференция Алтын Орда, сонымен бірге Қазақ хандығының тарихын зерттеуге деген қызығушылық тек ел ішінде ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де артып келе жатқанын көрсетті", – деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, министрлікке қарасты ғылыми ұйымдар да бұл саладағы зерттеулерін тоқтатпайды.