02.11.2021, 18:00

Қазақстан биыл Ресейден қандай қару-жарақ сатып алды?

Фото: ашық дереккөз
2021 жылы Қазақстан мен Өзбекстанға Су-30СМ, Ми-35М ұшағы, Бук-М2Е зениттік-зымырандық кешендері, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлері жеткізілген.

Ресейдің Әскери-техникалық ынтымақтастық федералдық қызметінің директоры Дмитрий Шугаев РБК-ға берген үлкен сұхбатында Ресейдің Қазақстанға әскери техника тасымалдауы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

“Биыл 2022 жылдың басына жоспарланған келісім-шарттарды орындау басталды. Мысалы, 2021 жылы біз Қазақстан мен Өзбекстанға Су-30СМ, Ми-35М ұшағын, Бук-М2Е зениттік-зымырандық кешендері, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлерін жеткіздік. Сонымен қатар бұл елдерге Орлан-10Е ұшқышсыз ұшатын көп функционалды кешендер, "Тайфун-К" брондалған көліктер, атыс қарулары жеткізілді", – деді спикер.  

Бұл ретте Дмитрий Шугаев Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі аясында Орталық Азияға қару-жарақ жеткізілімін ұлғайту мәселесіне түсініктеме берді.  Оның айтуынша жеткізуді ұлғайту немесе азайту туралы шешім сатып алушы тараппен келісіле отырып қабылданады.

"Яғни Ауғанстанмен іргелес жатқан елдер, біздің әріптестеріміз ұлттық қарулы күштерді құру қажеттілігі мен жоспарына сүйене отырып, өздеріне қанша қару-жарақ қажет екенін анықтайды. Біздің басты мақсатымыз – осы аймақтағы тұрақтылықты сақтау және тиісті міндеттемелерді орындау", – деп атап өтті спикер.