$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда жүйкесі тозған әке қызын ұрып, ұлының екі тісін сындырды

Оқиға кезінде әйел жұмыста болған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Павлодарда өз балаларының еркелігін көтере алмайтын әке ұлы мен қызын ұрып-соқты. Бұл факті бойынша полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментіе павлодарлық 36 жастағы әйел жүгінген.

28 қазанда шағымданған әйелдің сөзінше, күйеуі алты жасар ұлы мен жеті жасар қызын ұрыпты. Ұлдың екі тісін қағып тастаған екен.

Оқиға кезінде әйел жұмыста болған.

Үйде әкесімен бірге қалған балалар еркелеп, қайта-қайта балконға қарай жүгіріп, әкесінің мазасын алады. Балаларды "тыныштандыру" үшін ер адам ұзақ ойланбастан оларға қол көтерді, делінеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал балалардың анасы үйге келерде күйеуі жұмысқа кетіп, үйде жоқ болған.

Анасы дереу ауруханаға хабарласады. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тексеру кезінде әкесі отбасынан оқшауланды, деп қосты Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары