Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері қаласында шектеу және карантин шараларны жеңілдету туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жаңа қаулы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтың нормалары күшіне енді, ал "қызыл" аймақтың карантин шектеулері 2 қарашадан бастап алып тасталды.
Қаулы бойынша мынадай талаптар қатаң сақталады:
1.1. бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, Ashyq жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;
1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, циркке, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
1.3. Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;
1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері:
2.1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігері белгілеген тізбеге сәйкес кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің COVID -19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, міндетті ПТР-тестілеу болған кезде (7 күнде 1 рет) жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді қамтамасыз етсін.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:
3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын іске асыруды жалғастыруды:
йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; спа-орталықтары; моншалар, сауналар, бассейндер; PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар; стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары; асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері; облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум; марафондар; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; әуежайлар; лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; цирктер; отельдер, қонақ үйлер; халыққа қызмет көрсету орталықтары; темір жол вокзалдары және автовокзалдар; (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері; балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін); букмекерлік конторалар; сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып); спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары; білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); діни бірлестіктер объектілері; ойын клубтары (казино); түнгі клубтар.Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етуі керек.
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын жеңілдету туралы" 2021 жылғы 2 қазандағы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын", - делінген қаулыда.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні айтылады.