Бүгін ҚР Праламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті. Мәжіліс отырысынан шыққан министр Әсет Ерғалиевті журналистер күтіп алып, оған бірқатар сұрақтар қойды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Кешіріңіз, қазір әмияныңызда қанша ақша бар екенін көрсете аласыз ба? – Қазір көрсететін қолма-қол ақшам жоқ, кешірім сұраймын! – деді министр.
Kaspi қосымшасында қанша қаражат бар екенін сұраған журналистерге Ерғалиев «Kaspi қосымшасында да жоқ» деп жауап берді. Кейін журналистер министрдің бір күнге немесе бір айға азық-түлік үшін қанша қаржы жұмсайтынын сұрады.
– Бір айға азық-түлік үшін 50-60 мың теңге аралығында жұмсаймын. Мен де барлық адамдар секілді нан, сүт, қант сатып аламын. Менде де сіздер секілді отбасы бар, – деп жауап берді министр.
Сондай-ақ, кедейлікпен күресудің жолы экономика арқылы ғана жүзеге асатынын жеткізді.