$ 494.87  520.65  4.91

Ақ үй Сәуле Омарованы банктерді реттеу басшысы қызметіне ұсынды

Сәуле Омарова қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымына бекітілсе, 1863 жылы құрылған басқарманы басқаратын бірінші әйел болады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақ үй конгресс сенатының қарауына 55 жастағы Сауле Омарованың кандидатурасын ақша айналымын бақылаушы басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына тағайындау туралы ұсыныс жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақ үй сайтына сілтеме жасап.

"Сенатқа Нью-Йорктен Сәуле Омарованы АҚШ-тың қаржылық бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына бес жыл мерзімге тағайындау туралы ұсыныс жіберілді", - делінген хабарламада.

Currency Comptroller Office (OCC) - АҚШ қаржы департаментінің тәуелсіз бөлімшесі, сондай-ақ, елдегі банк секторының негізгі реттеушісі. Ол шамамен 14 триллион долларлық жиынтық активі бар 1200 банкті  бақылайды, бұл - елдің банк жүйесінің үштен екісі.

Сәуле Омарова қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымына бекітілсе, 1863 жылы құрылған басқарманы басқаратын бірінші әйел болады.

Сәуле Омарова - Корнель университетінің банктік құқық профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, заңтану докторы дәрежесін үздік қорғаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Bloomberg және The Wall Street Journal басылымдары Омарованың криптовалютаға қатысты сынымен танымал екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақ үй #Сәуле