$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда ажырасу процедурасы күрделенуі мүмкін

Осы мәселені қарастырған заң жобасын Мәжіліс депутаттары талқылады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттары сотта некені бұзу мәселелері бойынша рәсімдерге формалды түрде қарауды болдырмайтын норманы қамтитын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Мұндай норма дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту туралы заң жобасында белгіленген. 

"Бұл заң жобасын парламент депутаттары медиация институтын дамыту және азаматтарға дауларды шешуге көмектесу мақсатында әзірледі. Заң жобасының негізгі ережелері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге, сондай-ақ халық арасындағы дауларды бітімгершілікпен аяқтау мүмкіндігіне тартуға бағытталған", – деді депутат Снежанна Имашева. 

Айтуынша, заң жобасымен "Неке және отбасы туралы" кодексіне сотта некені бұзу мәселелері бойынша рәсімдерге формальды көзқарасты алып тастайтын өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ алимент өндіруден туындайтын дауларды медиатордың көмегімен шешуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізілуде. 

"Азаматтық іс жүргізу кодексіне тараптар арасында сол бір мәселе бойынша және сол негізде медиациялық келісім жасалған істер бойынша сотқа талап арыздарды қабылдау және қайтару, сондай-ақ ажырасу туралы істерді сырттай қарауға жол бермеу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілуде", – деп қосты Имашева. 

Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 68-бабында көзделген шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар мен ауыр істердің жекелеген санаттарымен шектелмей, ауыр және аса ауыр істерді қоса алғанда, барлық қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдануды кеңейту ұсынылады. "Медиация туралы" Заңға да тиісті өзгерістер енгізіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары