Балқашта жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бойжеткен 2 қараша күні үйден шығып, отбасымен қайта байланыспаған. Сол күні анасы полицияға барған. Қызды іздеу туралы ақпарат Instagram желісіндегі еріктілер қозғалысы парақшасында пайда болды.
"2 қарашада 55 жастағы қала тұрғыны Балқаш қаласының кезекші бөліміне арызданып, үйінен шығып кеткен 19 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Бұл факті дереу полицияға тіркеліп, бүкіл жеке құрамның нысанасына алынды", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
3 қарашада іздеу шаралары барысында жоғалған қыздың денесі Балқаш көлінің маңынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Өлімнің алдын ала себебі - жалпы гипотермия.
"Осы факті бойынша қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар жүргізілуде, мән-жайы анықталуда", - деп қосты Қарағанды облысы полиция басқармасцының баспасөз қызметі.