$ 494.87  520.65  4.91

Pfizer вакцинасы Қазақстанға 8-14 қараша аралығында жеткізіледі

Pfizer - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған жалғыз вакцина.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Pfizer вакцинасын жеткізу биыл 8-14 қараша аралығында күтіледі. Бұрын айтылған шарт  міндеттемелеріне сәйкес, бұл екі миллион адамға екі миллионға жуық вакцина, бұл шамамен төрт миллион вакцина", - деді Шоранов.

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты.

Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары