$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанда ластану деңгейі жоғары 10 қала бар

Бұл - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ластану деңгейі жоғары 10 қаласын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес, 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоғары ластанудың себептері - жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының жүргізілмеуі, көмір пайдалану.

"Қалдықтармен жұмыс істеу саласында ҚТҚ полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай болмауы, ҚТҚ өңдеудің төмен деңгейі және апатты қоқыс тастайтын жерлер өткір проблема болып отыр", - деп толықтырды Брекешев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары