04.11.2021, 16:40

Тоқаев жаңа ипотека бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Фото: ашық дереккөз
Бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5 пайызға дейін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама қарастырылуы керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан жиында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшіп келушілерге жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында хабарлады. 

"Отбасы банкі" жүйесінде мұндай азаматтар үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5 пайызға дейін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама қарастырылуы керек", - дейді президент. 

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, бұл бастаманы жан-жақты пысықтауды тапсырды.