04.11.2021, 20:12

Әлем чемпионаты: Боксшы Махмуд Сабырхан «алтынға» таласады

Бұған дейін ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) финалға шыққан болатын.

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда Махмуд Сабырхан шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Акашем Кумармен шеберлік байқасты.

Қазақстандық боксшы бірінші раундта қарсыласынан басым екенін көрсетті. Төрешілер шешімі де солай болды. Екінші раундта Махмуд қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Үшінші раундта да сол қарқынынан танған жоқ.

Осылайша Махмуд финалға жолдама алды. Бұған дейін ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) финалға шыққан болатын.

Сондай-ақ, бүгін енді күндізгі сессияда елорда уақытымен 19.30-да Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзавамен қолғап түйістіреді. Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) 23.15-те таиландтық Танарат Саенгфетпен кездессе, 23.45-те Серік Теміржанов кубалық Освель Кабальеро Гарсиямен жекпе-жекке шығады. Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталды, кешкісі 23.00-де болады.

Жекпе-жектер «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді. Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді. Биыл әлем чемпионатында 41 елден 219 былғары қолғап шебері бақ сынауға келді. Олардың арасынан 14 мемлекет жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік алды.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.

 

Тегтер: Бокс