$ 447.4  477.55  4.76

Серік Теміржанов кубалық қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға өтті

Оның финалдағы қарсыласы - америкалық Джамаль Харви.

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында төртінші қазақстандық боксшы финалға шықты деп хабарлайды nur.kz порталы. 

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік Теміржанов жартылай финалда кубалық Освель Гарсия Кабальероны ұтты. Бірінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберіп, қалған екі раундта да басымдық танытқан Серік 3:2 есебімен жеңіске жетті.  Осылайша, Қазақстан командасының төртінші боксшысы финалда бақ сынайды.

Серік Теміржановтың финалдағы қарсыласы - америкалық Джамаль Харви. 

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының финалына Серіктен бөлек, Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) және Махмұд Сабырхан (54 келі) шыққан болатын. Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бокс