Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 4 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 421 жағдайы тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 945 922-ге жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 104, Алматы қаласында - 198, Шымкент қаласында - 23, Ақмола облысында - 109, Ақтөбе облысында - 48, Алматы облысында - 130, Атырау облысында - 22, Шығыс Қазақстан облысында - 88, Жамбыл облысында - 21, Батыс Қазақстан облысында - 47, Қарағанды облысында - 134, Қостанай облысында - 137, Қызылорда облысында - 19, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 143, Солтүстік Қазақстан облысында - 163, Түркістан облысында - 31.
Қазақстанда 2 113 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 190, Алматы қаласында - 330, Шымкент қаласында - 30, Ақмола облысында - 143, Ақтөбе облысында - 36, Алматы облысында - 76, Атырау облысында - 10, Шығыс Қазақстан облысында - 312, Жамбыл облысында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 204, Қарағанды облысында - 158, Қостанай облысында - 7, Қызылорда облысында - 20, Маңғыстау облысында - 125, Павлодар облысында - 252, Солтүстік Қазақстан облысында - 168, Түркістан облысында - 44.
Елімізде барлығы 896 581 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 5 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 372 506 адам, 2-ші компонентін 7 620 215 адам салдырды.