$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер: Шаңды дауыл соғып, тұман түседі

Көп өңірлерде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Көп өңірлерде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қазгидрометтің 5 қарашаға арнаған ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстігі пен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының таулы аудандары тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Таулы өңірлерде тұман түсіп, бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Солтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел тұрады.

СҚО-ның басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрген жетеді. Солтүстік-батысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында тұман түсіп, солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау мен Ақмола облысының солтүстігінде және БҚО-да жел секундына 15-20 метрге дейін соғады.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары