$ 494.87  520.65  4.91

Telegram жарнама функциясын сынақтан өткізе бастады

Енді жарнамалық хабарлар 1000-нан аса жазылушысы бар үлкен арналарда жазбаның соңына қарай түссеңіз шығады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Telegram мессенджері қоғамдық арналарда бұрын жарияланған жарнама функциясын сынақтан өткізе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Енді жарнамалық хабарлар 1000-нан аса жазылушысы бар үлкен арналарда жазбаның соңына қарай түссеңіз шығады. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров жазды.

"Telegram жарнамалық хабарламаларды сынақтан өткізе бастады. Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?"- делінген хабарламада.

Telegram-дағы ресми жарнамалық хабарламалар кедергі келтірмейтіні айтылды. Жарнамада артық сілтемесіз немесе суретсіз қысқа мәтіндерге рұқсат етіледі. Жарнама арнадағы барлық жаңа хабарламаны көргеннен кейін ғана пайда болуы мүмкін.

Еске салайық, қазанның соңында Дуров жақында Telegram-да ресми жарнамасы бар блоктар пайда болатынын хабарлады. Ол пайдаланушылардың көпшілігі бұл жаңалықты байқамай қалуы мүмкін екенін атап өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары