06.11.2021, 23:40

Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: ашық дереккөзі
Бұл Серік Теміржановтың спорттық мансабындағы алғашқы жүлдесі.

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны екінші күміспен толықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік Теміржанов әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ол ақтық сында америкалық Джамаль Харвиге есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. 

Бұл Серік Теміржановтың спорттық мансабындағы алғашқы жүлдесі. 

Ол әлем чемпионатына ұлттық құрама сапында алғаш қатысып отыр. 

 

Айта кетелік, Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.