07.11.2021, 21:28

Альварес - Плант жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды

Кездесуде "Канелоның" WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары сарапқа салынды.

Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпиондығы сарапқа салынған мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Калеб Плант арасындағы жекпе-жек видеосының толық нұсқасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Еске салайық, "Канело" 11-раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша нокаутпен жеңісті қанжығасына байлады. Кездесуде "Канелоның" WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары сарапқа салынды.