$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында тағы бір жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Жарылыс салдарынан 73 жастағы ер адам көз жұмды.

Целиноград ауданы, Қызылсуат ауылында газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыс бүгін түскі сағат 12:00 шамасында болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жарылыс салдарынан 73 жастағы ер адам көз жұмды, — деп мәлімдеді Ақмола облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Ер адам үй аумағындағы автономды газбен жылыту орнатылған сұйылтылған газ жиналатын алып баллонды ашқан. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Облыстық Төтенше жағдай департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары