08.11.2021, 09:40

«Қаза тапқандар туралы ақпарат жалған» - ТЖМ Ақтаудағы жарылыс туралы

Фото: видеодан скриншот
ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қазір зардап шеккендер туралы ақпарат жоғын айтты.

ТЖМ Ақтауда жарылыс кезінде қаза тапқандар туралы әлеуметтік желілерде таралған хабарламаларға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қазір зардап шеккендер туралы ақпарат жоғын айтты.

"Әлеуметтік желілерде таратылған 7 адамның өлімі туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс кезінде кафеде ешкім болмаған", - деді Талғат Уәли.

Маңғыстау облысының әкімдігінде жарылысқа байланысты Ақтау ауруханасына қазір ешкім көмек сұрап, жүгінбегенін мәлімдеді. Еске салайық, 7 қарашада кешке Ақтауда "Шерқала" кешенінде орналасқан екі қабатты "Аян" кафесінде жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат қираған еді.