$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстандықтарға қарасора бейнеленген киімге тыйым салынғаны туралы ескерту жасалды

Бұл бағыттағы жұмыстарды полицейлер тұрақты түрде жүргізетін болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қалалық ТЖД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, қаланың сауда нүктелерінде есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сатушыларға есірткінің суреті бар заттарды, заттарды өткізгені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. Шара барысында ақпараттық парақшалар да таратылды.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз, орта ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 500, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1000 АЕК мөлшерінде лицензияны қайтарып алу жазасы беріледі.

Бұл бағыттағы жұмыстарды полицейлер тұрақты түрде жүргізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары