$ 494.87  520.65  4.91

«Аспаннан у шашып жатыр»: Ақпарат қазақстандықтарды дүр сілкіндірді

Кадрдан аспанда ұшып өткен ұшақтан қалған ақ із көрінеді. Автордың айтуынша, бұл адамдарды улайтын химикат. Алайда Жамбыл облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Instagram әлеуметтік желісінде қолданушылар Таразда түсірілген бейнероликті талқылауда. Кадрларда аспанда ұшып өткен ұшақтан қалған ақ із көрінеді. Автордың айтуынша, бұл адамдарды "улайтын" химикаттар шашудың дәлелі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазнетте Таразда түсірілген видео қызу талқыға түсті.

Кадрдан аспанда ұшып өткен ұшақтан қалған ақ із көрінеді. Автордың айтуынша, бұл адамдарды улайтын химикат. Алайда Жамбыл облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.

"Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Таразда дезинфекциялау немесе аспаннан қандай да бір заттарды шашу арқылы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Дезинфекциялық іс-шараларды арнайы мекемелер рұқсат етілген препараттармен және жерүсті автокөлігімен жүргізеді", - деді ведомстводағылар.

Аспанда ұшақ артынан қалған із конденсациялық із деп аталады. Ол ұшақ суық және ылғалды ауа массаларының арасынан өткен кезде түзіледі. Конденсациялық із әртүрлі пішінде болады және әртүрлі уақыт аралығында көрінеді, деп жазды Stopfake.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары