$ 494.87  520.65  4.91

Ауа райы: Елімізде алдағы үш күнде күн суытады

Алдағы үш күнде солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК өкілдері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі ықтимал. Түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 10 градусқа дейін аяз болып, күндіз ауа температурасы -5-тен +5-ке дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-батыста түнде 2-7, күндіз 5-10 градус жылы болмақ.

Солтүстікте сынап бағанасы -2 градустан +3-ке дейін көтеріледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз 5-15 градус аралығында жылы болмақ. 

Одан бөлек, республика бойынша жел тұрып, екпіні 15-23 м/с дейін жетуі мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары