$ 494.87  520.65  4.91

Қайта вакциналау кезінде қандай екпе салдырған дұрыс?

Дәрігерлердің ұсынысына сәйкес, бастапқы вакцинадан гөрі, басқа вакцина салдырған абзал.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова қайта вакциналау кезінде кез келген екпені салдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оның сөзінше, дәрігерлердің ұсынысына сәйкес, бастапқы вакцинадан гөрі, басқа вакцина салдырған абзал. Егер бастапқы вакцина белсенді емес екпе болса, онда ревакцинацияны векторлық және керісінше жасаған дұрыс.

Вакцинаның түріне байланысты ревакцинацияны толық бастапқы вакцинациядан кейін 6-9 айдан кейін жүргізуге болады. Бірінші кезекте осал топтағы азаматтар: медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдарының өкілдері коронавирусқа қарсы қайта екпе ала бастайды.

Сонымен қатар, Эльвира Ибрагимова дәрігерлер иммунитеті әлсіз, созылмалы аурулары бар және қарт адамдарға да ревакцинация жасауды ұсынатынын атап өтті.

"Бақылау көрсеткендей, алты айдан кейін антиденелердің деңгейі төмендейді, яғни аурудың ықтималдығы артады", – дейді ол. 

Қайта вакцинациялау кезінде "Спутник V", QazVac, Vero Cell вакциналарының қолданыстағы түрлері салынады. Қазіргі кезде Алматыда олардың саны жеткілікті. Екпені қалада жұмыс істейтін 137 егу пунктінің кез келгенінен алуға болады. Одан бөлек, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адам тұмауға қарсы екпе алып, ревакцинациядан өте алады.

Мамандар мұның себебін бұл мүлдем басқа вакциналар болып табылатындығымен түсіндіріп отыр. Бүгінде Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинаның І компонентін 1 002 324 тұрғын, ІІ компонентін 940 084 адам алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары