43 жастағы Айден Ержан - Қытайда тұратын этникалық қазақ. Қазіргі таңда ол жолдасымен бірге Қытайдағы елдімекендердің бірінде жүздеген түйені бағып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Осы орайда қазақ әйелінің Қытай түкпіріндегі тұрмыс-тіршілігі туралы жергілікті телеарналардың бірі видеосюжет түсірген, жазады KAZ.NUR.KZ.
43 жастағы Айден Ержан жолдасы Аман Мұхамед екеуі Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұрады. Отбасымен бірге олар 15 жыл бойы түйе бағуды кәсіпке айналдырған. Бастапқыда екі түйеден бастаған ерлі-зайыпты қазіргі таңда мал басын 150-ге дейін жеткізген.
Бір қызығы, түйе шаруашылығын дамытып, кәсібін сәтті дөңгелетіп отырған әйел тұрмысқа шыққанға дейін түйе атаулыны көрмегенін айтады. Атқа мініп, түйе бағам деген ойымда да болмапты, дейді ол. Жолдасы Аманның ететіген ұстап, отбасылы атанған соң, жас жұбайлар Фухай елдімекеніне көшіп барған. Сонда жүріп, келіншек түйе сауып, тіпті мотоцикл айдауды да үйреніп алған.
"Күнделікті түйе бағамыз. Бізде демалыс жоқ", - дейді әйел қазіргі күйбең тіршілігін сипаттай келе.
Түйе бағып, күнін көріп отырған отбасы қазіргі кәсібі еш уақытта жалықтырмағанын да атап өтті. Керісінше, Айден түйе малын жан-тәнімен сүйіп, оларға ықыласпен қарайтынын айтады. Айден мен Аман бүгінде бір ұл мен бір қыздың ата-анасы. Олар аптаның бес күнінде оқуда, ал демалыста ата-анасы қолғабыс болады. Ерлі-зайыптының ендігі арманы балаларының үлкен жетістіктерге жетіп, білімді азамат болғанын көру. Осы арманына қол жеткізу үшін, олар барын салып, еңбек етуде.