$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыбританияда аурухана қызметкері 100-ден астам мәйітке азғындық әрекет жасаған

Соңғы бес жылда мәйітханаларда 30-дан астам үлкен заңбұзушылық тіркелген.
Фото:BBC
Фото:BBC

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид ауруханаларда мәйіттерге азғындық әрекет жасаған бұрынғы электр қызметкеріне қатысты тәуелсіз тергеу басталғанын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Дэвид Фуллер Кент графтығындағы ауруханада 12 жыл ішінде 100-ден астам мәйітті зорлаған. Тіпті өз әрекетін видеоға түсіріп отырған.

Фуллер осыған дейін 1987 жылы екі әйелді өлтіргенін мойындаған болатын.

Министрдің айтуынша тергеу жұмыстарының нәтижесінде мұндай азғындық әрекеттің елеусіз қалып жатқан себебі белгілі болмақ.

Independent басылымының жазуынша соңғы бес жылда Ұлыбританиядағы мәйітханаларда 30-дан астам үлкен заңбұзушылық тіркелген.

Осыдан кейін барып тәуелсіз тергеу жұмысына жергілікті депутаттар қолдау көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары