$ 494.87  520.65  4.91

Президент Ыстанбұлда өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы. 

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады.

Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр» деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары